Қазақстан футбол федерациясы ауқымды «ALAÑ» жобасы аясында футбол алаңдарын өңдеу жұмыстарын жалғастыруда.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында бұл бағдарлама 2023 жылы бастауын алған еді. Бағдарлама үш жылға жоспарланып, УЕФА тарапының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Жобаның басты мақсаты спорттық инфрақұрылымдардың сапасын жоғарылатып, Республика көлемінде бұқаралық футболды дамыту.
Өткен жылы ғана «ALAÑ» жобасы аясында Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Жетісу облысында стадиондар жөндеуден өтті. Ал 26 тамызда Петропавл қаласында «Динамо» стадионының тұсауы кесілді. Жыл соңына дейін тағы Ақсу, Саран, Өскемен, Аягөз, Балқаш, Атбасар, Жезқазған, Қызылорда қалаларында тағы 8 жаңа стадион бітеді деп жоспарланған. Өңделген жаңа футбол алаңдары аймақтық өкілетті органдардың қарамағына беріледі. Айта кетейік, жобаның бренд-амбассоры ретінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен ұлттық құраманың экс-капитан Самат Смақов таңдалған.
Алаңдарды қайта өңдеу тек балалар-жасөспірімдер футболының дамуынан бөлек, футбол клубтарына сертификатталған стадиондарда доп тебуге мүмкіндік береді. Бұған дейін айтылғандай, жөндеу жұмыстары толық ашық көріністе жалғасып, ашылу сәтінде өңірде футбол фестивалі ұйымдастырылады.