Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

«Мықтылардың турнирі» Қарағандыда өтеді

22-28 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» өтеді. Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып табылады.
Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг күш байқасады. 2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі.

Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесі әйелдер арасындағы жарыстарда қорғаныс бас киімін алып тастау туралы шешім қабылдады. Жаңа ереже 2024 жылдың маусымында күшіне енді. Әйелдер боксында қорғаныс дулығасын пайдаланудан бас тарту туралы шешім ұйымның 3 наурызда Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында қабылданды. Бұдан былай IBA аясында өтетін турнирлерде боксшы әйелдер бас киім кимейтін болды. Мұндай шешім олардың ер әріптестерімен тең дәрежеде екенін білдіреді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz