«Тараз» ФК Бірінші Лиганың 24-турында ақтаулық Каспиден басым түсе алмады.
Жамбыл жерінде өткен матчта есеп небәрі 6 минутта ашылды. Бұрыштамадан әріптестеріне пас шығарған Қасымжан Таиповтың тепкен добы соққыға ұласып, Заттыбеков қорғаған қақпаға енді. Екінші таймның 60 минутында Стрижков «Каспий» сапындағы деюбттық голын соқты. Ал ойын аяқталарға 5 минут қалғанда, алаң иелері Асылбек Асаннның арқасында есеп айырмасын 1 допқа қысқартты. Алайда кездесу соңына дейін ойын тағдырын өзгерте алмады.
Соңғы өткізген үш кездесудің барлығында жеңіліс тапқан «Тараз» Премьер-лигадан күдерін үзді деп айта беруге болады. Бірінші лиганың қалған бес кездесуінде оңтүстік ұжым үздіктер қатарынан табылу үшін 20-дан астам ұпай жинауы тиіс. Ал команданы алда «Оқжетпес», «Жетісай» клубтары күтіп тұрғандықтан, «Тараз» үшін жоғары чемпионаттың ауылы алыстамақ.