Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Өскемен, Аягөз, Ақсу қалаларында жаңартылған алаңдардың ашылуы өтеді

Қазақстан футбол федерациясы «ALAŇ» жобасын жүзеге асыруды жалғастырып келеді.

Қыркүйек айының соңына дейін Абай облысындағы Аягөз қаласының Орталық стадионы, Өскемен қаласындағы «Восток» стадионының қосымша алаңы және Павлодар облысындағы Ақсу қаласында «Достық» стадионындағы жаңартылған алаң қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Аймақтағы футбол алаңдарының ашылу салтанатының аясында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Самат Смақов балаларға жаттығу өткізіп, қолтаңбалар береді. Айта кетейік, «ALAŇ» жобасы еліміздегі спорттық инфрақұрылымдардың сапасын жоғарлатып, бұқаралық футболды дамытуды мақсат етеді.

«Бірінші кезекте біз бұқаралық футбол мен балаларымызға назар аударуымыз керек. Футбол осылардан басталады. Бұқаралық футболды ұйымдастырмаса, кәсіби футбол да дамымайды. Бұқаралық футбол – барлығына арналады. Біз әр жас санатын 5-17, 18-35, 36+ және әйелдерге қатысты бөліп, бағдарламаны жасақтадық. Қазіргі сәтте футболға деген қызығушылық артуда. Елімізде 1 250 000 бала футболмен айналысады. Бұл үлкен көрсеткіш. Біз оны 2 500 000 балаға дейін арттыруды көздейміз. Себебі, ұлттың денсаулығы өте маңызды», — деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

2023-2025 жылдарға арналған жоба аясында республикамыздағы 20 футбол алаңы жөндеуден өтеді деп көзделуде. Өткен жылы Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Жетісу облысында жаңа алаңдар салтанатты түрде ашылған болатын. Ал жақын арада Петропавлдағы «Динамо» стадионындағы жаңа алаң іске қосылды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz