Қарағандыда хоккейден Қазақстан чемпионатының ойыны өтті.
«Сарыарқа» мен «Номадтың» кездесуі әткеншектей өрбіді. Алдымен бір команда, сосын екіншісі алға шықты. Нәтижесінде негізгі уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады. Ал қосымша уақытта Дмитрий Стуловтың дәл соққысы алаң иелеріне жеңіс сыйлады. «Сарыарқаның» екі нәтижелі шабуылына Артём Валеев (1+1) қатысты. Осылайша Владимир Князевтің командасы турнирлік кестеде алтыншы орынға көтерілді.
«Сарыарқа» — «Номад» 5:4 ОТ (1:0, 1:3, 2:1, 1:0)
1:0 — 11:53 — Зайцев (Пелевин, Капотов)
1:1 — 25:17 — Двуреченский
2:1 — 34:26 — Королинский (Верещагин, Дёмин)
2:2 — 38:09 — Колесников (Рунов)
2:3 — 39:16 — Касенов (Никитин)
3:3 — 47:41 — Валеев (Кузьменко, Зайцев)
3:4 — 52:52 — Логвин (Бутенко)
4:4 — 53:34 — Шингареев (Валеев)
5:4 — 63:27 — Стулов (Коннов)
Қақпашылар: Ибрагимов — Калмыков