Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Тобыл» алаң қожайыны екенін паш етті, «Астана» шымкенттік клубтан айласын асырды

Бүгін, 22 қыркүйекте Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) 21-туры аясында «Тобыл» — «Ақтөбе» кездесуі өтті.

Ойын Қостанайда өтіп, 3:0 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталады. Қостанайлықтар сапынан голдарды Ислам Чесноков, Ахмед Эль-Месауди және Руи Кошта соқты. Ақтөбеліктер Уче Агбо тәртіп бұзып, алаңнан қуылғаннан кейін екінші тайм бойы он ойыншымен қалды.

Осылайша «Тобыл» 18 ойыннан кейін 27 ұпаймен алтыншы орынға жайғасса, «Ақтөбе» 20 ойыннан кейін 34 ұпаймен үшінші орында қалды. Семейдің «Елімайы» чемпионатта көш бастап тұр. Клубтың 20 ойыннан кейін 37 ұпайы бар. «Қайрат» 19 ойыннан кейін 35 ұпаймен екінші орында.

Сондай-ақ бүгін шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) 21-турының орталық ойынында «Астанамен» кездесті. Ойын Шымкентте өтіп, 2:4 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапынан Ян Вороговский мен Назми Грипши, ал Чинеду Джеффри тағы екі гол соқты. «Ордабасы» сапынан Жасұр Яхшыбоев дубль жасады. Осылайша, «Астана» 17 кездесуден кейін 30 ұпай жинап, бесінші орында тұр. Өз кезегінде «Ордабасы» 18 кездесуден кейін 33 ұпаймен төртінші орында келеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz