Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» алдағы матчтарына қатысуы мүмкін.
Бұл туралы Milliyet басылымы мәлімдеген болатын.
«22-қыркүйек пен 6-қазан аралығы «Бешикташ» үшін күрделі болады. Осы уақыт аралығында команда 5 ауыр ойын өткізбек. Суперлигада «қара-ақ» жейделілер «Эюпспор», «Кайсериспор», «Газиантеппен» ойнаса, Еуропа Лигасында «Аякс» және «Айнтрахт» командасымен шеберлік байқасады. «Бешикташ» бұл кезеңді барынша табысты өткізуді көздейді. Сондықтан, Джованни ван Бронкхорст мачтардың көптігіне байланысты қосалқы құрамның ойыншыларына мүмкіндік беруді ұйғарып отыр. Негізгі құрамды анықтап алған нидерландылық бапкер жоғарыда аталған кезеңде негізінен қосалқы құрам футболшыларын алаңға шығарады деп күтілуде. Олардың қатарында Онұр Бұлұт, Емірхан Топшы мен Бахтиер Зайнутдиновке де сенім артуы ықтимал», — делінген түркиялық басылымның материалында.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов әзірше Түркия Суперлигасының жаңа маусымында әлі алаңға шыққан жоқ. «Бешикташ» 4 турдан кейін он ұпай жинап үшінші сатыға жайасқан. Зайнутдиновтың командасы келесі матчын 22-қыркүйекте «Эюпспорға» қарсы өткізеді. Қазақстандық жартылай қорғаушы осы ойында алаңға шығып қалуы мүмкін.