Балқаштың тумасы, 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров YouTube-тегі «Голос народа» арнасына берген сұхбатында бокстан Қазақстан құрамасына көмектесуге дайын екенін айтты.
– Көктемде бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының құрамына кіреді деген қауесет тарады. Келіссөздер болды ма және олар қалай аяқталды?
— Біз сөйлесе бастағанбыз. Одан әрі әңгіме болған жоқ. Сондықтан бұл әңгімеміз жалғасын табады деп үміттенемін.
— Бірақ сіздің ойыңыз қандай?
— Әрине, бапкер болуды қалаймын.
— Біздің команданы жаттықтыруға келсеңіз, неден бастар едіңіз, нені өзгертер едіңіз?
— Дәл осы жерден(басын көрсетіп). Не істеп жатқаныңды психологиялық тұрғыдан түсіну. Көрдіңіз бе, көптеген боксшылар физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған, бірақ олар мұны неге істеп жатқанына назар аудармайды. Көптеген боксшылар әлемде ең үздік болудың мәнін толық түсінбейді. Олар шын мәнінде кім жзәне бұл мақсатқа қалай жетуге болады? Мен жай ғана түсіндіріп, өз мысалмен айта аламын. Мұның бәрі мүмкін екенін білемін. Белгілі бір спорттық дайындығы бар әрбір адам, егер оның мақсаты болса, жақсы боксшы дайындауға болады.
– Ал қазір Қазақстандасыз. Біздің ҰОК пен министрлік сізге хабарласты ма?
—Ешкім хабарласпады.
— Бірақ сіз келіссөздерге дайынсыз ба?
— Әрқашан. Мен осындамын, дайынмын.
Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында сәтсіз өнер көрсетіп, жеті салмақта шаршы алаңға шықты. Бірақ, Нұрбек Оралбай ғана 80 келіге дейінгі салмақта ғана күміске қол жеткізді. Олимпиададан кейін бас бапкер ауысты. Мырзағали Айтжановтың орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалды.