«Қайрат» пен елордалық «Жеңіс» Лига кубогының 1/2 финалының қарымта кездесуінде ойнады.
Кездесу Алматыда өтті. Бірінші таймда алаң иелері екі рет гол соқты: «Қайраттың» грузиялық легионері Георги Зария 32 және 53-минутта гол соғып, дубль жасады.
Соның арқасында алматылықтар текетірестегі есепті теңестірді. Алғашқы кездесуде «Жеңіс» дәл осындай есеппен жеңіске жетті.
Қосымша уақытта гол соғылмады. Ал пенальти сериясында «Жеңіс» 3:2 есебімен мықтырақ болып, финалға шықты.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры бір миллион долларды құрайды.
Ал екінші жартылай финалда елордалық клуб қосалқы құрамды алаңға шықарды. Матч тең дәрежеде өтті. Негізгі уақыт голсыз аяқталды, ал қосымша уақытта Юрий Перцухтың алаңнан қуылуына байланысты семейліктер 10 ойыншымен қалды. Ойын пенальти сериясына жалғасып, фавориттер жеңіске жетті. Осылайша «Астана» турнирдің финалында «Жеңіспен» кездесетін болды.