Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Испания құрамасының ойыншылары Родри мен Альваро Моратаға қатысты тәртіптік іс қозғады.
Мәселе мынада, Еуропа чемпионатының финалында Англияны жеңгеннен кейін (2:1) ойыншылар «Гибралтар – Испанияныкі» деген ұранды айта бастады.
УЕФА тәртіптік ережесінің шешіміне сәйкес, ойыншыларға айып тағылды:
- Жалпы мінез-құлық ережелерін бұзу.
- Әдепті мінез-құлықтың негізгі ережелерін бұзу.
- Спорттық емес мәлімдемелер жасау үшін спорттық оқиғаларды пайдалану.
- Футбол мен УЕФА беделіне нұқсан келтіру.
УЕФА мәлімдемесінде УЕФА-ның бақылау, этика және тәртіптік органы бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Испания құрамасының Еуро-2024-тегі жеңісін тойлау рәсімі 15 шілдеде Мадридте өтті.
В этой статье:
Нажмите, чтобы прокомментировать