Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?

Британиялық журналист Бен Смит қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммад (24-3) арасындағы желтоқсан айындағы жекпе-жек туралы хабарлады.

Мұхаммад осы жылдың шілде айында Англияның Манчестер қаласында өткен UFC 304 турнирінде британиялық Леон Эдвардсты жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.

«Сөзсіз, қазір Рахмонов чемпиондық жекпе-жекке басты үміткер болып көрінетіні белгілі. Мұның бәрі Дана Уайттың оның бойынан чемпиондық әлеуетті көріп, оған мүмкіндік беруге дайын екенін көрсетеді. Рахмоновтың жекпе-жегін кейінге қалдырудың бірден-бір себебі – Махачевпен жекпе-жек. Алайда бұл оқиға орын алмайды. Сондықтан Рахмонов қалады. Ең бастысы, спортшылар жаттығу кезінде жарақат алмаса болды. Желтоқсан турнирінде Белал мен Рахмонов арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтеді деп ойлаймын. Фаворитті атау қиын. Шавкат та, Белал да шебер спортшылар. Дегенмен, нәтижені болжау мүмкін емес», — дейді Смит.

Рахмонов өткен жылдың желтоқсан айында өткізген соңғы жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен аяқтап,  әлемнің ең үздік лигасында алты мәрте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.  Қазақстандық спортшы қазіргі таңда жартылай орта салмақ дәрежесінде рейтингте үшінші орында тұр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz