Стамбулдың «Бешикташ» командасы Түркия Суперлигасының жетінші туры аясында сырт алаңда «Кайсерспормен» кездесіп, жеңіске жетті.
Жедсон Фернандеш қонақтарды алға шығарды. Одан кейін италиялық шабуылшы Чиро Иммобиле дубль жасады. Нәтижесінде кездесу 3:0 есебімен аяқталды.
26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов бұл ойынға «Бешикташ» сапында 93-минутта алаңға шықты. Бұл қазақстандық футболшының Түркия чемпионатының ағымдағы маусымында алаңға алғаш шығуы. Бұған дейін үш ойында стамбұлдық клубтың негізгі тізіміне ілінгенімен, жасыл алаңға шыға алмады. Бұл жолы да бапкер тек қосымша уақытта ойынға араласты.
Қазір «Бешикташ» Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде 16 ұпаймен үшінші орында. «Фенербахченің» де «Бешикташпен» ұпай саны бірдей болғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орынға жайғасты. «Галатасарай» 19 ұпаймен көш басында.