Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Шорт-тректен ел чемпиондары анықталды

1-5 қазан аралығында Астанада шорт-тректен Қазақстан Республикасының іріктеу чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні 500 метрге жүгіруден, сондай-ақ әйелдер мен ерлер арасында эстафеталық жарыста жеңімпаздар анықталды.

Команда көшбасшыларымен қатар жас спортшылар да 500 метр қашықтықта финалдық блокқа шықты. 20 жастағы Айбек Нәсен (Астана) атақты қарсыластарын жеңіп, спринттен алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Абзал Әжғалиев (Астана қаласы) күміс жүлдегер атанса, Мерсаид Жақсыбаев (Ақмола облысы) үшінші болып мәреге жетті.

Әйелдер арасындағы жарыста тарихи оқиға орын алды. Бір қашықтықта үш спортшы қола жүлдегер атанды. Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) жаңа ережелеріне сәйкес, егер бірнеше спортшы ұлттық чемпионаттың немесе халықаралық жарыстың финалдық жарысында пенальти алса, олардың барлығына үшінші орын беріледі.

Осылайша 500 метрге конькимен жүгіруден Алина Әжғалиева (БҚО) топ жарса, Зейнеп Құмарқан (БҚО) күміс, Малика Ермек (Астана), Ольга Тихонова (Ақмола облысы) және Яна Хан (Ақмола облысы) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Әйелдер арасындағы эстафетада (3000 м) Астана қаласының командасы жеңіске жетті. Батыс Қазақстан облысының қыздары екінші, Қостанай облысының спортшылары қола жүлдені еншіледі.

Ерлер арасындағы эстафетада (5000 м) астаналықтар тағы да чемпион атанса, күміс Ақмола облысына бұйырды, шымкенттік шорт-трекшілер қола жүлдеге қол жеткізді.

Бүгін, 4 қазанда 1000 метрге және аралас эстафетада жеңімпаздар анықталады. 5 қазанда жаттықтырушылар құрамы мен төрешілер алқасының жалпы жиналысы ұйымдастырылады. Оның қорытындысы бойынша іріктеуден сәтті өтіп, әлемдік жарыстарға жолдама алған спортшылардың тізімі жарияланады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz