Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Путинцева әлемнің үздік теннисшілері қатарына енді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 2024 жылы WTA 1000 турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына енді.

Әлемнің 32-ші ракеткасы Путинцева WTA 1000 санатындағы турнирдің бірінші кезеңінде қытайлық Чжан Шуайды (6:4, 6:4) ұтып, 2024 жылы жеңістер саны бойынша бесінші орынды иеленді. Ол биыл WTA 1000 турнирнлерінде 15 жеңіске жеткен. Бұл тізімде польшалық Ига Швентек (30 жеңіс) белорусь Арина Соболенка (23 жеңіс), америкалық Коко Гауфф (21 жеңіс) және Даниэль Коллинз (17 жеңіс) бар.

Айта кетейік, Юлия Путинцева Қытайдағы беделді турнирдегі өнерін сәтті бастады. Уханьда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың бірінші айналымында әлемдік рейтингте 32-орында тұрған қазақстандық теннисші 250-орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды жеңді. Қытайдағы турнирдегі келесі кездесуінде Путинцева 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және әлемнің 18-ші ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен сынға түседі.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымның біршама бөлігін жіберіп алды. Денсаулығына байланысты ол Париж Олимпиадасына, сондай-ақ WTA демеушілігімен өткен бірқатар жарыстарға қатыса алмады. Сондықтан биыл Рыбакина нәтижелі өнер көрсетті деп айта алмаймыз.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz