Зарина Дияс Кайсериде (Түркия) өткен ITF W 50 турнирінің финалында жеңіске жетті. Финалда WTA рейтингінде 488-ші орында тұрған Зарина Беларусь өкілі Алена Фалейді (224 WTA ) жеңді. Бірінші сетте Зарина 0:6 есебімен жеңілсе, келесі екеуінде камбэк жасады – 6:4, 6:3. Бұл кубок қазақстандық теннисші үшін биылғы жылғы алғашқы және ITF демеушілігімен өткен турнирлерде иеленген 10-шы жүлде болды.
««Алға!» Бұл жеңіс мен үшін өте маңызды. Жарақатыма байланысты екі жылдық үзілістен кейін мен оралдым және бұл менің алғашқы титулым, маған сеніп, мені қолдағандардың барлығына рахмет», — деп жазды Зарина Диас Instagram парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші жарақатына байланысты екі жыл бойы турнирлерге қатыса алмады. Ол биылғы жылдың мамыр айында ғана кортқа оралды.