«Қайрат» АФК футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін бастады. Алматылықтардың қарсыласы венгриялық «Халадаш» клубы болды. Матчта «Қайрат» 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда қазақстандық клуб қонақтардың қақпасына екі рет — Алиссон жетінші минутта, ал Эдсон оныншы минутта гол соқты. Екінші таймдағы голдардың авторлары — Кевин Ариетта (28 минут) мен қақпашы Деннис Кавальканти.
Бірінші турдан кейін «Қайрат» матчтарын 4-топта бастады. Қосымша көрсеткіштер бойынша қазақстандық клуб бірінші айналымда «Семейді» ұтқан португалиялық «Спортингтен» алда келеді – 6:4. Екі клубтың да үш ұпайы бар.
Ертең, 23 қазанда «Халадаш» «Спортингке» қарсы ойнаса, тағы бір матчта қазақстандық командалар «Қайрат» — «Семей» өзара мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ «Семей» футзал клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында негізгі турдың 4-ші тобының кездесуі «Семей» мен «Спортинг» командалары арасында өтті. Матч 6:4 есебімен португалиялық клубтың жеңісімен аяқталды.