Алматылық «Қайрат» ҚПЛ-2024 24-турындағы ойында талдықорғандық «Жетісуды» ұтты. Талдықорғандағы кездесу 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Алаң иелері үшінші минутта-ақ ерте гол соғып, Серікжан Мужиков көзге түсті. Алматылықтар 22-минутта беларусь Александр Мартыновичтің голының арқасында еспті теңестірді. 92-минутта израильдік Офри Арад қонақтарға жеңіс сыйлады. Осылайша алматылықтар 41 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Қайрат 22 ойын өткізген. Ал турнирлік кестеде екінші орынға жайғасқан «Ордабасы» командасының еншісінде 39 ұпайы бар.
ҚПЛ-2024 24-турының матчы шымкенттік «Ордабасы» мен астаналық «Жеңіс» арасында өтті. Шымкентте өткен матч 2:1 есебімен қонақтардың сенсациялық жеңісімен аяқталды. «Жеңіс» жетінші минутта Лукас Будинскийдің голынан кейін есеп ашты. 29-минутта елордалықтар есепті еселей түсті. Голды бразилиялық Адилио Коррейа дос Сантос соқты. 37-минутта Бауыржан Исламханның есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндігі болғанымен, «Ордабасының» шабуылшысы пенальтиден мүлт кетті. Алайда шымкенттіктер 66-минутта есеп айырмасын қысқартып үлгерді. Гол авторы Всеволод Садовский. Осылайша шымкенттіктер ұпай жоғалтты.
Сонымен қатар 24-тур аясында«Атырау» мен Семейдің «Елімай» командалары арасында кездесу өтті. Атыраудағы матч 1:0 есебімен «мұнайшылардың» жеңісімен аяқталды. 85-минутта жалғыз голды беларусь шабуылшысы Николай Синьевич соқты. Осылайша «Атырау» 32 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында қалды. «Елімайдың» еншісінде 37 ұпай бар.