«Бешикташтың» бұрынғы вице-президенті Серхан Четинсая Бахтиер Зайнутдиновтың адамгершілік қасиеті мен ресейлік клубтың қызығушылығы туралы айтты.
«Бірде Бурак Иылмаз маған қоңырау шалып, «Сен Мәскеуге жиі ұшып жүрсің. «ЦСКАДА» Бахтиер Зайнутдинов бар. Шенол Гюнеш соны қатты алғысы келеді» деді. «Бешикташтың» президентімен сөйлесіп едім, ол да мұны растады. Зайнутдинов ешқашан да негізгі құрамның ойыншысы ретінде қарастырылмаған. Бахтиер шын мәнінде өте жақсы жігіт. Осы жазда «Зенит» ол үшін 7, 5 млн еуро ұсынған. Қазіргісінен әлдеқайда жалақы береміз десе де ол кетуден бас тартты»,- деді С. Четинсая.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташтың» келісімшарты 2027-жылдың 30-маусымына дейін жарамды. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы осыған дейін «ЦСКА», «Ростов»,«Астана және «Тараз» секілді командаларда доп тепкен.