Қазақстандық еркін күрес палуаны Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионы
Ол 97 келіге дейінгі салмақ дәржесінде топ жарды. Финалда Ризабек Айтмұхан ирандық Махди Морафадан айласын асырды. Осылайша Ризабек Тиранадағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген жалғыз қазақстандық спортшы болмақ.
Қазірдің өзінде 20 жасында Айтмұхан қазақтың атақты балуандарының бірі. Ол 2024 U-20 Әлем чемпионы, U-23 арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ ересектер арасындағы әлем чемпионы 2023 (Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын) атанды.
Өкінішке қарай тағы бір қазақстандық еркін күрес балуаны Алан Оралбек Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізе алмады. 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде оған ресейлік Юнус Явбатыров қарсы шықты. Кездесуде қарсылас 6:2 есебімен жеңіске жетті. Оралбек жарысты бесінші болып аяқтады.