Жаңа маусымдағы World Tour сериясының алғашқы турнирі Монреальда өтіп, 9 қашықтық бойынша жеңімпаздар анықталды. Қазақстандық спортшылар арасында ең жақсы нәтижені команда капитаны Денис Никиша көрсетті. Ол 500 метрге жүгіруде «В» финалына өтті. Бірақ сайыс барысында төрешінің шешімімен пенальти алды.
5000 метрлік эстафетада ерлер командасы 6-орынға ие болды. Біздің команда «В» финалында АҚШ пен Жапония құрамаларын жеңді.
2024 жылдан бастап Халықаралық конькишілер одағының (ISU) шешімі бойынша жарыс жаңартылған форматта және World Tour жаңа атауымен өтті. Жаңалықтар әлем чемпионатының ережелеріне де әсер етті. Жаңартуларға сәйкес, әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған спортшылар бастапқы іріктеу кезеңіне қатыспады және 17 жастан асқан спортшылар ғана жарыс жолына шықты.
Әлемдік турдың келесі кезеңі Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) 1-3 қараша аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы Канададағы құраммен өнер көрсетеді.
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Галихметов, Еркебұлан Шамуханов, Айбек Нәсен, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев.
Әйелдер – Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Зейнеп Құмархан.