Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Астана» «Қайратты» көш басынан ығыстырды

ҚПЛ-2024 17-турының кейінге қалдырылған «Астана» мен «Атырау» ойыны елордалықтар биылғы маусымдағы қарсыластарын қабылдап жатқан Алматыда өтті. Игорь Стасевичтің қарымта шабуылынан кейін қонақтар бірінші болып алға шықты. Бұл эпизодта «Астана» қорғанысында өрескел қателік орын алды.

Елордалық клуб бірінші таймда ойынға қайта оралып, гол соқты. Бірақ, фолға байланысты гол есепке алынбады. Екінші таймның басында 66-минутта хорватиялық қорғаушы Бранимир Калаица гол соғып, есеп теңесті. «Астана» екінші голды 85-минутта соқты. Албаниялық Назми Грипши пенальтиден қарсылас қақпасын дәл көздеді. Эпизодтың анти қаһарманы атыраулық орталық қорғаушы Олжас Керімжанов болды. 97-минутта Керімжанов баспен соғып есепті теңестірді. Алайда «Астана» 101-минутта Калаицаның пенальтиден соққан голынан кейін жеңіске жетті — 3:2.

Матч аяқталған соң «Астананың» бапкері Григорий Бабаян «Атырауға» қарсы ойынындағы төрешінің жұмысына сын айтты.

«Бүгінгі төрешінің істегені хаос. Ақылға сыймайды. Ақырында 10 секунд ішінде амалы таусылды. Доп атыраулық екі ойыншының қолына тиіп үлгерді. Құдайға шүкір жеңдік. Жігіттер мінездің не екенін, соңына дейін ойнаудың не екенін түсінді», — деді Бабаян.

Осылайша, 22 матчтан кейін елордалық клуб 43 ұпай жинап, ҚПЛ кестесін көш бастады. 41 ұпайы бар «Қайрат» екінші орынға ығысты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz