Астанада «Барыс» спорт кешенінде 2010 жылы туылған, 15 жасқа дейінгі хоккейден Қазақстан құрамасына үміткерлердің қатысуымен 2024 жылғы 14 қараша мен 24 қараша аралығында Сочи қаласында өтетін «Хоккей территориясы» халықаралық турниріне дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиындары басталды.
Оқу-жаттығу жиынына Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Шымкент қалаларынан 56 хоккейші қатысуда. Дайындық жұмыстары 4 қарашаға дейін жалғасады. Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Сочидегі турнирге баратын құрам анықталады. Турнирде Қазақстан құрамасының қарсыластары Ресей құрамалары мен Беларусь құрамасы болады.
2010 жылы туылған ойыншыларды 18 жасқа дейінгі жастар құрамасын жасақтау үшін үш жыл бойы баптау жоспарлануда.
Айта кетейік, 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы қайта құрылды. Ұлттық құраманың бұрынғы хоккейшісі, Қарағанды балалар хоккей мектебінің жаттықтырушысы Максим Худяков бас бапкер болып тағайындалды. Жаттықтырушылар Астана, Қарағанды және Өскеменнен жиналған: Эдуард Мазула, Алексей Бекетов, Владимир Логвин, Артем Кисель, Владимир Беляев жаттықтырушы-куратор. Ал Евгений Черепанов қақпашылар бапкері болып тағайындалды.