Шымкентте әлемнің ең мықты 10 шахматшысы қатысып жатқан ФИДЕ-нің шахматтан Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша үш шахматшы көш бастап тұр, оның ішінде қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар.
Жарыстың екінші кезеңінде Асаубаева ресейлік Александра Горячкинамен тең түсті. Екі турдан кейін қазақстандық шахматшы 1,5 ұпай жинады. Бұрынғы әлем чемпионы қытайлық Тан Чжунгидің ұпай саны Бибісараның ұпайымен бірдей болса, үшінші орында күтпеген жерден грек шахматшысы Ставрула Цолакиду тұр.
Ресейлік шахматшылар Катерина Лагно, Александра Горячкина, Хампи Конеру, Дешмух Дивья (екеуі де Үндістан) және Батхуяг Мунгунтуул (Моңғолия) бір ұпайдан иеленді. Болгария өкілі Нұргүл Сәлімова 0,5 ұпай жинаса, соңғы орында екі ойында екі рет жеңілген германиялық Элизабет Пенц тұр.
Гран-при 9 қарашада аяқталады.