Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) ауыр атлетикадан қазақстандық бапкер Алексей Ниді өмір бойына спорттан шеттетті.
Бұған дейін маман ауыр атлеттеріміз Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Нижат Рахимовқа қатысты атышулы допинг дауы үшін спорттан уақытша шеттетілген болатын. Алайда, қазір ITA шешімімен ұлттық құраманың бұрынғы жаттықтырушысы өмір бойына дисквалификацияланды.
Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы 63 жастағы бапкердің қатаң жазаға тартылғаны туралы ақпаратты растады.
Егер Алексей Геннадьевичтің інісі Виктор Ни туралы айтар болсақ, ол төрт немесе одан да көп жылға дисквалификация алуы мүмкін. Алайда, бұл туралы әзірге ресми шешім жоқ. Ол көп жылдар бойы құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.