Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Өмір салты

Софья Самоделкина Tallinn Trophy турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Эстонияда өткен халықаралық Tallinn Trophy турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

Қысқа бағдарламадан кейін София үшінші орында еді. Дегенмен, еркін бағдарламада ол екінші орын алып, өз орнын жақсартып, 173,25 ұпай жинады.

192,48 ұпай жинаған Бельгия өкілі Нина Пинзаррон алтыннан алқа тақса, Сара-Мод Дюпоис (Канада) 163,58 көрсеткішімен турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Ал, биылғы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен жазғы Қазақстан чемпионатындағы өнер көрсету нәтижесі бойынша ұлттық құрама сапына ресми түрде қабылданды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz