Шымкенттік клуб жергілікті таланттарды дамыту мақсатында «Ордабасы» футбол академиясының үш ойыншысы Бағдаулет Нұралы (2007), Тимур Рахимов (2008) және Жасұлан Әмірмен (2006) кәсіби келісімшартқа қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, 16-қараша күні «Ордабасы» алты ойыншының, оның ішінде бір қазақстандық және бес шетелдік ойыншының командадан кеткенін хабарлады.
ҚПЛ-2023 чемпионы Қазақстан құрамасының ойыншысы, жартылай қорғаушы Айбол Әбікенмен қош айтысты. Сонымен қатар клубтан украиналық шабуылшы Артем Беседин мен оның отандасы, қорғаушы Игорь Пластун, хорватиялық жартылай қорғаушы Ловро Цвек, бразилиялық қорғаушы Реджиналдо және беларусь қақпашысы Сергей Игнатович кетті.
«Ордабасы» 2025/26 маусымында Конференция лигасына қатысу құқығына ие болды және ҚПЛ 2024-те төртінші орынға табан тіреді.