Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалында чехиялық Барбора Крейчиковадан сенсациялық түрде ұтылды. Рыбакина 1-сетте 6:3 есебімен алға шыққанымен, қалған екі сетте басымдық таныта алмады — 3:6, 4:6.
Кездесу 2 сағат 9 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина 8 эйс жасап, 3 қосарлы қателікке жол берді. Ал Крейчикова 4 рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, 6 қосарлы қателік жіберді. Осылайша жеке кездесулердегі есеп 3-0 есебімен Крейчикованың пайдасына шешілді.
Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда жеңіске жеткен болатын. Ал турнирдің өткен жылғы чемпионы чехиялық Маркета Вондроушева биыл күтпеген жерден бірінші айналымда испаниялық Джессика Бузас Манейродан жеңіліп қалды. Финалда Крейчкова тағы бір жартылай финалда хорватиялық Донна Векичті тізе бүктірген италиялық Ясмине Паолиниге қарсы кортқа шығады.
Осылайша Елена Рыбакина Уимблдондағы өнерін аяқтады. Енді қазақстандық теннисші Парижде өтетін олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын жүргізеді.