Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Швейцария құрамасы Венгрияны жеңді

Швейцария мен Венгрия құрамалары Еуро додасында топтық кезеңінің бірінші турындағы ойынын өткізді.

Кельндегі «Рейн-Энерги» стадионында өткен «А» тобындағы кездесу 3:1 есебімен швейцариялықтардың пайдасына аяқталды. Мурат Якин шәкірттері 12-минутта Квадво Дуа соққан жылдам голмен есеп ашты. Швейцариялықтар одан әрі басымдықты қолдан бермей, үзіліске дейін Мишель Эбишер (45 минут) әдемі соққымен көзге түсті – 2:0. Венгриялықтар жағдайды түзетуге тырысты. 66-минутта Барнабас Варга Ян Зоммер қақпасын дәл көздеді. Дегенмен, Швейцария құрамасынан Брилл Эмболо ойынның 93-минутында гол соғып, кездесудің нүктесін қойды.

Айта кетейік, 67-минутта «Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхаслер Венгрия құрамасы сапынан алаңға шықты.

Осылайша, бірінші турдан кейін алғашқы кездесуде Шотландияны 5:1 есебімен жеңген Германия құрамасы А тобында көш бастады. Қосымша көрсеткіштер бойынша екінші аралық орынды швейцариялықтар алады. Венгрия мен Шотландия құрамаларында әлі ұпай жоқ.

19 маусымда екінші турда Штутгартта Германия мен Венгрия, ал сол күні Кельн қаласында Шотландия мен Швейцария кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz