Ауылдан Олимпиадаға дейін: Елсияр Қанағатовтың жолы

INSPORTS.KZ YouTube бағдарламасының кезекті қонағы – спорт саласына саналы ғұмырын арнаған білікті басшы, ұлттық спорт жанашыры Елсияр Қанағатов.

Көп жылдар бойы спорт басқару жүйесінде еңбек етіп, ел спортының дамуына айрықша үлес қосқан ол 8 Олимпиада ойындарына Қазақстан делегациясының құрамында қатысқан тәжірибелі маман. Бағдарлама барысында қонағымыз өзінің өмір жолы, спорттағы қызметі, Олимпиададағы әсерлі сәттері мен ұлттық спорттың бүгіні мен болашағы туралы ой бөліседі.

Сұхбаттан спорт саласының ішкі қырлары, басқару тәжірибесі және жас буынға берер тағылымды кеңестер туралы тың ақпарат ала аласыздар.